АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «АҚБОТА» БӨБЕКЖАЙЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ  ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «ЯСЛИ-САД  «АКБОТА»  ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Әлеуметтік желі

Картинки по запросу инстаграм лого

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

30.09.2026

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Көкшетау қаласының «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Тәрбиеші — 1 штат бірлігі, уақытша — негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы және бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне.

Біліктілік талаптары: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі не техникалық және кәсіптік педагогикалық білім. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Негізгі лауазымдық міндеттері: тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау және өткізу, балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау, белгіленген құжаттаманы жүргізу.

Еңбекақы төлеу шарттары: белгіленген тарификацияға, еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» негізінде, енгізілген өзгерістер ескеріле отырып өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 қыркүйектен 9 қазанға дейін қоса алғанда.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген, белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш.

  2. Нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы.

  3. Білімі туралы құжаттардың қосымшаларымен бірге көшірмелері.

  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі — бар болған жағдайда.

  5. № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

  6. Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екендігі туралы куәлік — бар болған жағдайда, не «педагог» мәртебесін беру туралы бұйрық.

  7. eGov порталы арқылы алынған психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар науқастарды динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама.

  8. eGov порталы арқылы алынған наркологиялық науқастарды динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама.

  9. Белгіленген нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

  10. Жұмыс немесе оқу орнынан ұсыным хат — бар болған жағдайда.

Бос жұмыс орны туралы ақпарат Ұлттық білім беру деректер қорының «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде орналастырылған.

Ұйымның мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 55-үй
Байланыс телефоны: 8 (7162) 51-69-17
Электрондық пошта: sadakbota21@yandex.kz

Просмотров: 353


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст