Текст
30.09.2026
«Ақбота» бөбекжайында еңбек ұжымымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту мәселелеріне арналған сабақ өткізілді.
Сабақ барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, белгіленген талаптар мен нормаларды сақтау мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары қарастырылды.
Қызметкерлер арасында адалдық, парасаттылық, жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға ерекше назар аударылды.